1-қадам. Есептік деректерді таңдау

Есептік жазба және Құпиясөз өрістерінде сіздің жүйеңізде әрекет ететін жаңа есептік деректерді көрсетіңіз (мысалы, Active Directory жүйесінде). Шебердің келесі қадамына өткен кезде, Kaspersky Security Center бағдарламасы аталған есептік жазбаның атауы әрбір жергілікті емес тапсырманың сипаттарындағы есептік жазбаның атауына сәйкес келетіндігін тексереді. Егер есептік жазба атаулары сәйкес келсе, тапсырма сипаттарындағы құпиясөз автоматты түрде жаңасына ауысады.

Ескі құпиясөз (міндетті емес) өрісін толтырған кезде, Kaspersky Security Center бағдарламасы құпиясөзді тек атауы мен ескі құпиясөз мәндері сәйкес келетін тапсырмалар үшін ауыстырады. Ауыстыру автоматты түрде орындалады. Барлық басқа жағдайларда, шебердің келесі қадамында орындалатын әрекетті таңдау керек.

Сондай-ақ, қараңыз:

Тапсырмалардың құпиясөзін өзгерту шебері

2-қадам. Орындалып жатқан әрекетті таңдау

3-қадам. Нәтижелерді қарап шығу

Басына оралу